Posted in

МАҢДАЙ АЛДЫ

Елден ерек, жұрттан көш ілгері. ~ Өзі де ішуін біржола доғарып, маңдай алды ұстаздар сапына енді. Т.Берд. ~ Панфиловшылар бағында “қан-майданға” шығып, ақталдықтарды, асаталдықтар ойсыратып жеңіп, факультеттің маңдай алды сұлуы Тасира Нарәли батырдың қанжығасына байланған. Ә.Тар. ~ — Маңдай алды механизаторымыз Мияден Сарғұлов, — деп таныстыра бастаған партком хатшысы Алпамыстың сөзін Мияденнің өзі беліп жіберді. Ф.Оңғ.

  1. Алдыңғы жақ. ~ Жолаушылардың маңдай алдында Құнанбайдың өзі. Астында семіз сары жорға аты бар. Арт жағы тегенедей жұмыр келген, ақ жал, сары жорға ат көп жорғадай күдіс емес. М.Әу. ~ Маңдай алды батыс жақ ашық еді. Соған қарап көңілін жұбатты. Н.Сер. ~ Маңдай алдымыз – темір жол. Одан ары – Қаратау, одан ары… батыстан қылтиып Манас шыңы көрінеді. Ш.Мұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *