Адал, ауыр еңбекпен тапқан табыс туралы. ~ Ел көреді, жер көреді. маңдай тер, табан ақысына тапқан ақшасының қызық- ау, тұңғыш рет игілігін көреді. О.Бөк. ~ -“Бөріктінің намысы бір” дегендей, Шығайбай мың біткен бай деп сыртыңнан көп естуші едім, сен үшін төккен маңдай тер, табан ақым атаусыз қалмас, – деп күлім қақты. П.Дүйс. ~ Бұлар ғана емес, мал дейтін малы жоқ, таза тақыр кедей, өзінің маңдай тер, табан ақысымен ілдалап күн көретіндер де қосақ арасында кететін көрінеді. Ұ.Досп. ~ Ешкімге қиянаты жоқ, өтірік-өсекке, мақтанға, кеудемсоққа бармайтын, зорлық-зомбылықты сүймейтін, тек өзінің адалдығына, тек өзінің маңдай тері мен табан ақысына сүйенетін мейірімді жандар. Ш.Мұр.
