Posted in

МЕНІКІ НЕ ӘУРЕ (ӘУРЕШІЛІК)

Маған не жоқ; осыдан маған не қайыр? ~ Абай мен Ербол таңқалып, мұның түсіне қарасқанда, көкшіл тартып сұрланған ыза көрді. – Бір өкінішті Байдалыдан есітіп ем бүгін. Ендігі өкініш өзіме кепті. Тобынан жырылып жалғыз жорытқан кек қасқырдай менікі не әуре десеңші? М.Әу. ~ Осы менікі не әурешілік, күйеуім бар, отбасым бар сонша біреуге жаутаңдағаным не? – деп өз – өзін зекіді. Бірақ бойындағы бір сезім оған ырық берер емес. АҚ “Адасқан жүрек”.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *