Posted in

МОЙНЫМЕН КӨТЕРДІ

Небір қиыншылыққа төзді, ауыртпалықты көтерді. ~ Адамда қорқыныш көп, Көп үміт те, Мойнымен көтереді ол – нені жүкте! Адамзат қайғырмаса, қуанбаса, Жұмыр жер болмай ма бір өлі нүкте. К.Мырз. ~ Охо- хо, жер бетiндегi жұмыр басты әрбiр пенде сәт сайын ауыр жүк тиелген сегiз «КамАЗ» – дың салмағына тең атмосфералық ауырлықты мойнымен көтерiп жүретiн көрiнедi. Ж.Шағ.

  1. Жіберген қатесін өзі түзеді; айыбын өткерді. ~ Оның опасыздық қылығына қалай ыза болмайын. Қолмен істеген нәрсесін мойнымен көтеруге жарамау ер адам үшін неткен пасықтық. Б.Соқ. ~ Ол — Ұлтарақтың інісі Медет, қолымен істеген қылмысын мойнымен көтеріп, жалтарып, жалақтамай сенген көңілмен сергек отыр. Қ.Түм.
  2. Бүкіл шығынды өтеді. ~ .. Көктөбе үстіндегі жастарға жайылған үшінші тойды ақ үрпек қыздың әкесі, қала мэрі мойнымен көтерді. Д.Дос. ~ Жетім- жесірлерге болысқаны былай тұрсын, аудандағы сан түрлі мәдени шаралардың да бар шығынын талай мәрте өз мойнымен көтерген. Қ.Жиен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *