Posted in

МОЙНЫН БҰРМАДЫ

Көңіл бөлмеді, назар аудармады, есептеспеді. ~ Ақ ниет, адал ойлар түкке тұрмай, Барады ешкім оған мойнын бұрмай, Әділдік орнамасқа көзім жетті, Дүниеден ет жейтұғын ауыз құрымай. С.Тор. ~ Дүние бір соқпақ жол бұраңдаған, Бақ тайса, ерге дәулет құралмаған. Түбіне сол дүниенің жетемін деп, Бай мен би содан мойнын бұра алмаған. Қожаберген ж. ~ ─Керегі болмаса, шақырамын ба? Періште мойнын бұрмаса, шайтаннан да жәрдем сұрайтын кез болады екен. Әдейі сол үшін келдім ғой. Т.Әбд. ~ Қамы үшін жанын қимаса, үлкен аға, кіші іні Береке қылып тұрмаса, Кәріп, кәсер, момынға Жаны ашып мойнын бұрмаса, ондай ұлдан не пайда?! БС. “Асан-Қайғы”.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *