Әбден басынды, билеп төстеді. ~ Содан бері Шəмші осы үйдің еркесі, қожайыны болып, Тұмарбайдың мойнына аттай мінген болатын. Ж.Айм. ~ – Сендер осылай бұйығы, жуас бола берсеңдер, кәпiр иықтай бередi. Ол мойындарыңа әбден мiнiп алады, бiр мiнсе қайтып түспейдi … М.Әбдіх. ~ – Қайдағыны айтпашы. Кіші қызың естісе, менің әкеме қызымды бермеймін деп әлек салған сенбе деп нағашысының мойнына мініп алып жүрер. АҚ “Тағдыр.”
- Біреудің арқасында күн көрді, масыл болды. ~ Соңғы аз уақыттан бері. бұл қызметінің үстіне, тағы үй ішіндегі бар жұмыс масыл болып мойнына мінді. М.Әу. ~ — Бұл заманның еркегі елуге келгенше есі кірмейді. Қырыққа келгенше әке-шешесінің мойнына мініп отырады. Б.Тоғ. ~ Жәмеш неге өзін алакөзденіп қарсы алғанын Бөкен енді ғана түсінді. Бұрын шалдардың мойнына мініп әбден үйренген ғой. Ондай еркелігіне бойында намысы бар қандай жас көнсін? Д.Әш. ~ Қанша қиналса да, обалы нешік, осы күнге дейін маған «сен де бір мойынға мінген масыл болдың-ау» деп қабақ шытып көзге түрткен емес. Т.Сәу. ~ Аудандағы он шаруашылықтың тоғызы өкіметтің мойнына мініпті де малмен айналысатын жалғыз Сарторғай ғана айранын айырып отыр екен. Қ.Ысқ.
