Жау қолына, құрылған тұзаққа түсті. ~ ─ Денесі осында жатыр, басы жоқ, – деді. – Мойнына қыл арқан салып атуға алып шыққанда, бесін намазымды өтеуге мұрсат беріңдер, сонан соң не істесеңдер де еріктерің, маған енді бәрібір депті. Қ.Ысқ. ~ — Қасиетті баба, қыл мойныма бұғалығын толғап үлгерген адуын қол бар еді. Одан өзің босаттың. Босаттың да, сол қол иесінің мойнына қыл арқанды өзің тастадың. С.Смат. ~ Мойынына қыл арқан түскен сұмырай ұры тұла бойын тікен тесіп, бұта тырнап, әбден ит сілікпесі шыққасын, өзінен-өзі-ақ арам қатады. Ә.Кек. ~ Мойнына қыл қарқан, аяғына шырмау түсіп, жан алқым ышқынысқа душар болғандағы жанталасқа қарағанда қазіргі халі көш ілгері. Ө.Кәр.
