Есінен айрылды, жын иектеді. ~ – Сұмдық жеңеше, сұмдық! Шойынқараның (Сәлімді ауыл осылай атайтын) үйіндегі келініңіз қорқытып жатыр. Ертеңнен бері толғатып, әлі босанған жоқ. Мәрту басса керек. Тәуіп жеңешем де сонда, мені Молдекеңе жіберді. Қасиетті адам ғой, ертіп кел, мүмкін, со кісіні көріп серпілер, – дейді. М.Мақ. ~ Таусылып әлің, салдырап қарың, Мартудай басып өзіңді өз алмағың… Ә.Кек. ~ Ол жанында жатқан бәйбішесіне: – Қатын ей, мартубасып жатыр ма сені, мына балаға бірдеме жайып бер, қылжисын енді, – деп нұқып оятты. А.Жүн.
