Әлдебір жәйттің түпкі сырын, құпиясын әшкерелеу мағынасында. ~ Ә, от, мәселе қайда жатыр. “Боржойымыз кім” дедік пе? Бәсе, со боржой кім? – деп ежірейді аңдаған жұртқа қарап Бұқабай. – Оны сіз бен біз табуымыз керек. Тауып тамырына балта шабуымыз керек! От так! Тәртіп солай! С.Ел. ~ Күн көсемнің өлімі мысықтар үшін – Пішту! Мысықтар оған бола қайғырмайды. Пенделер үшін қайғылы басталған март-наурыз мысықтар үшін махаббат маусымы. Әне, мәселе қайда жатыр. Ш.Мұр. ~ Қайда жатыр мәселе – иә өмiр, иә өлiм, Десе де, Лайық па көндiгу тәлкегiне тағдырдың, Қарсы тұрып немесе, ұшан-теңiз нәубаттың, Көзiн жойған дұрыс па Жан алысып, жан берiскен ұрыста?! Т.Әбд.
