Posted in

НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛДЫ

Еленбеді, ешкім керек қылмады. ~ Асаудың бұл болмашы әрекеті көшеде ерсілі- қарсылы етіп жатқан әсем сөмкелі ақ білекті келіншектердің, қалпақтары шекелерінде осқырысқан еркектердің, сауырларына жарты шоқы май бөксерген жеңгелердің назарынан тыс қалды. С.Ел. ~ Өйткені, тақырып етіп алып отырған кезеңнің көптеген ақындары зерттеушілердің назарынан тыс қалған. Ш.Сар. ~ Кейде аудан басы айлар бойы, облыс төрі жылдар бойы ат ізін салмай кетсе, клуб меңгерушісі күллі әлем назарынан тыс қалғандай, жайсыздыққа буылатын. М.Байғ.

НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАДЫ (ҚАЛДЫРМАДЫ)

Елеусіз қалмады. ~ Тіпті қай газет қай газеттен көшірді деген де назардан тыс қалмаған. Бұл да Сәкен шыншылдығының бір көрінісі. К.Ахм. ~ Солай болғанымен де, айтулы оқиғадан сыр шертетін «Цзиньши» кітабындағы біраз мәліметті назардан тыс қалдыруға да болмайды. Ж.Шәк. ~ Сондықтан Ханға баба мекені, түрікмен зираттарындағы құлпытастар, Шерқала, Ақмыш, Айрақты секілді оқшау бейнелер суретші назарынан тыс қалмады. Ү.Жәл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *