Біреудің көзіне түсті, көңілін аударды, көзін тікті. * Сап-салқын мөлдір сумен бетін шайып отырып, шашылып жатқан маржандай тамшыға назары ілікті. С.Елу. ~ Содан кейiн барып назарына қызы iлiктi. Қимылсыз сұлқ. Асыға басып жанына таянды. Өңi әппақ қудай бозарыпты, әбден әлi құрыған. Ә.Ыб.
НАЗАРЫНА ІЛІКТІ (ІЛІНДІ)
Көзі түсті, ықыласы ауды, аңдап қалды. . ~ Қарашығының түбінде әлдене уытты зат көзі көргенді көкейіне оздырмай, өшіріп жатқандай назарына іліккен бар нәрсе, әдеттегісіндей, жүрегіне дарымай, сағымға айналып, ғайыпқа барып батады. С.Үс. ~ – Үлкен бастықтың көзіне түсіп, назарына іліктің. Бірге жолға шығатын болдың. Байқа, бұл сапар – саған үлкен сын. Ауа жайылып, бетіңмен кетпе, – деп, ескертіп, екеуі екі жақтап ақылдарын айтып жатты. А.Жақс.
