Елінің (біреудің) абыройы үшін жанын салды, ар-ұятын сақтау үшін күресті, біреудің жоғын жоқтады. * Жатқан жылан екенсің ожар кірпік, Абайламай басыппын ажал түртіп.
Шүленсімей отырсаң сол да жетер, Шашылма біреу үшін намыс жыртып!.. Қ.Ысқ. * Мен — өзіңізбін. Басқа жерде дәл бүйтсе, не беделіңіз қалады? — деп Мақан намыс жыртты. С.См. ~ Бері кел, шырағым, бері кел… Еліңнің намысын жыртып атқа қонған екенсің, сапарың оң болғай-ақты, қарағым… – деп, екі қарт Күлшеге ортасынан орын берді. Ғ.Мүс. * Нақ менің өзіме тие қоятын ешкім де жоқ еді, пароходтағыларды солдатқа алмайтын да еді; ауылдағы інім ілігіп, соның намысын жыртам деп көзге түстім де, қуғынға ұшыраған соң осында қаштым. C.Мұқ. ~ Алып екі империялардың қуғын-сүргендері оны алған бағытынан қайтара алған жоқ. Ол қазақ халқының намысын жыртып, жоғын жоқтап өтті. Қ.Бегм. * Әйтеуір өлмешінің күні де. Екі қошқар сүзіссе, солардың шашбауын көтеріп, намысын жыртып, барымташысы боласың. С.Жүн.
