Әлдебір іске аяқ басуға арланды, ұятын ойлады. * Мен тағы үндемедім. «Ауырады» десем, намыс жібермейді, «ауырмайды» десем, әлгідей ұстап жанымды шығара ма деп қорқып келемін. Т.Әбд. * Жігіттік намысым жібермеді. Білсін, бәлем, онсыз да күн көре алатынымды деп, айттым да салдым, қайдан шықса, одан шықсын деп. Ә.Нұрш. * Жаз бойы бұлар үйден шыққан жоқ. Аштықты да, кемтарлықты да көп көрді. Кісіге барып, көз сүзіп сауын сұрауға, жалпетек болуға намыстары жібермеді. М.Әу. * “Мен де соның бірі емеспін бе” деуге буаз қайнағаның иә намысы жібермеді, иә мойындағысы келмеді, әйтеуір, ағайыннан қашпағанмен “иттікті” бөліп-жаруға жоқ екен, айналып келіп Қотиынға қайта тиісті. Қ.Ысқ. ~ Өз ойынан өзі ұялды. Ұзап кеткен екеуді енді тоқтатуға кеш. Оған бұның намысы жібермейді. Ү.Жәл.
