Posted in

НЕ ЖАНЫ ҚАЛАДЫ (ҚАЛСЫН)

Қалай шыдасын д.м. ~ Тақтай арбаның ішіне жаман көрпеге оратқызып, баланы салып алып, 6–7 жасар балалар: «Мен ағамның қара кер атынша шабамын» деп тұрып арбаны дүрілдеткенде баланың не жаны қалады? Үлбіреген жас денеге зиян келетін болған соң, аман жаннан не пайда? Баланы еңбектеуден тыюға дұрыс емес. М.Жұм. ~ Балаларыңыз не қып шалдыққан осынша?! – «Жұт жеті ағайынды» дейді шырағым, – деді əкем, – осы сапарда оларға мен қосылып, сегіз ағайынды болған соң, не жаны қалсын бұлардың. Қ.Шабд. ~ “Тістері қандай ғажап еді құрғырдың, көздері қандай ғажап еді құрғырдың, өзі әйел емес — сынап еді ғой, сынап еді! Қыз басыммен мен қызығатынмын, еркек байғұстардың не жаны қалсын!” Ә.Тар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *