Posted in

НЕ ӘРІ ЕМЕС, НЕ БЕРІ ЕМЕС

Әрі-сәрі, не олай, не бұлай емес, дүдамал жағдай туралы. ~ … “биыл құдайдың күніне түсінбей-ақ қойдым-ау! — деп күйінді Кәкіш, — біресе жаңбырынан көз аштырмайды, біресе — ыси жөнеледі, не әрі емес, не бері емес, құдайда да тұрақ жоқ-ау, осы!”. Ә.Тар. ~ Содан бері де бір жылдан асып барады, не әрі емес, не бері емес, күпті өмір қажытып барады. Ә.Тар. ~ Тырсылдап отырып ақшасын зорға суырды да не ары емес, не бері емес, шалдың қолы жетер-жетпес шекараға үміттендіріп тастады. Қ.Ысқ. * Кесуге қимай, желкесіне түйе салып жүрген, не әрі емес, не бері емес бір тұтам бұрымын ойланбастан жоқ қылды. Г.Сейтж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *