Жазмыштон озмыш жоқ д.м. ~ Уай, Болат сұлтан! Ел арасында телі мен тентек көп еді. Сен солардан да асып түстің. Ноқталы басқа бір өлім, иманыңды үйір! – деп Қуат қылышын жарқылдатып төніп барды. С.См. ~ Тым зыртұяқ болып кетіпсің, бауырым, екі шоқып бір қараудың орнына бір шоқып екі қарап жүріп қалай жан бағасың? Ноқталы басқа қашан да болса бір өлім. Ғ.Біл. ~ Бір күні Базаралы Әділқанға ақылдасады: «Бұл жерде қорлық көріп жүргенше елге қашып қайтайық. Ноқталы басқа бір өлім, елге жетсек паналайтын адамымыз болыс болыпты. Не өлейік, не кек алайық» дейді. Әділқан: — Базыке, өзің біл, менің сізден жаным аяулы ма, не көрсек бір көрейік,- дейді. Әрх.Ысқ. ~ Ер туған жеріне, ит тойған жеріне. Ноқталы басқа бір ажал, жазмыштан озмыш, тағдырдан қашамын, жат жерде күрп еткен жақсылық бардеу-иесінен айырылған бұралқы иттің, ата сөзі, ана сүтімен бойына қасиет сіңбеген қаңғыбастың ісі. К.Жүн.
