Posted in

НОҚТАЛЫ ТАЙЛАҚТАЙ (ҚҰЛЫНДАЙ, БОТАДАЙ, БОТА)

Басында билігі жоқ, біреуге бағынышты адам туралы. ~ Сонда елшің қанша асау болғанда да ноқталы тайлақтай жетелеген жағына еріп жүре бермей ме! Ә.Кек. * – Тый көз жасыңды! – деді,- Мына Қанатымды бауырыңа ал. Өзіңе тапсырам, ана Көктаспаң сүтке тиген күшіктей ғып жүрмесін, Онда екі дүниеде ырза емеспін. Көкесінің сол сөзі есіне түссе ноқталы құлындай тыпыршиды. Н.Сер. ~ Ноқталы ботадай жетелеп, өмір өз ағысымен әркімді әр жаққа ағызып алып жөнелді. Ә.Асқ. ~ Самал боп сағынышым, кел, кел маған, Бір күйді берші, шертіп, шерте Мен сенің көз тиер деп, арқандалған Ноқталы ботаң болдым, көркем далам. Қ.Бұғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *