Өзі түгілі, ізі де жоқ д.м. ~ Канеллиге жеткен соң бала кезімде әлі нұсқасы да болмаған бір ұзын көшеге түстім және сол бойда-ақ түрлі иіс — вермуттың, өзеннің, жүзім сығындыларының иісі танауымды қытықтап қоя берді. Ч.Пав. ~ Ал бүгінгі Дан? Қалыптасқан имидждің нұсқасы да жоқ. Шаш үлгісі бұзылған, оңған шүберектей ала-құла, саптан жаңылған сарбаздардай шаштары ұзынды-қысқалы ретсіз. “Дара сезім”. ~ Ақжігіт төмен қарап сүмірейіп отыр. Алпамсадай тұлғалы жігіттің сымбатынан нұсқасы қалмаған. АҚ “Дара сезім”.
