Ойлы, мағыналы сөз. ~ – Достоевский психолог қой, – деп бір нұсқалы ой өрбітті. – Бетіне тіктеп бір қараса болғаны, кімнің кім екенін тамыршыдай тап басып, дəл айтып береді екен. З.Қаб. ~ Екі күн мұрсат сұрап тұрмыз.— Шалдың сөзі пысық, өзі қунақ екен. Ол антқор кейбіреудей ұзартқан жоқ, тұжырымды, нұсқалы сөз айтты. Б.Қыд. ~ Біздегі өтпейтін нәрсе Сөз. Абай айтпақшы: “Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын” болғандықтан. Нұсқалы сөз қашанда қысқа, тұспалды сөз қашанда ұзын. И.Сап.
НҰСҚА СӨЗ
Өнегелі сөз. ~ Оны көріп батырлар әбден риза болады. Қайран жеңгең Қаныкей, Нұсқа сөзін бастады: – Қастасып дұшпан жеңбеген, Барса келмес жер деген, Ұрығы қытай ұлы жұрт. Қиын жолға бет алып, Қырандар, шықтың аттанып… Б.Әлімж. (“Манас”)
