Алда болды, асып түсті, мойны озды,көздеген мақсатына бұрын жетті. . ~ Бізге жеткені – екеу-ақ, олар: Тұмаршамен және Таутанмен айтысы. Бұлар да түгел сақталмаған, барының өзінен арғымақтай жүйрік ақынның алдына жан салмағанын, шаңға көмілмей оза шапқанын көру қиын емес. Б.Тоғ. ~ Той маңызы жеткілікті түсіндірілген болар. Оған тоқталмаспыз. Осы бір тарихи тойда оза шауып, ойнақтай орғып, бәйгі алған саңлақтарға бүгін жүлделерін тапсырмақпыз. С.Бег. ~ Редактор сөзін жалғастырды: — Қазір бәсекенің жетегінде кеттік қой. Бәрінің оза шапқысы келіп тұрады. Бір жағынан дұрыс та, тек даңғазалыққа ұрынбаса дейміз. М.Рам. ~ Сол сияқты оза шауып орлар менен у-шудан, Құз-қияның шатқалынан шапшаң шыққан тылсымнан, Жартастардың жотасы кеп құдық тіреп ұмсынған. М.Мақ. ~ Ал, Кенжехан ескі оқиғаны ұмытпапты. Бұл — онын әйел затынан алғаш беті қайтуы еді. Оза шапқан әйелге аты емес, өзі жете алмағандай көреді. Б.Тоғ. ~ Егер бүгінге дейін термин жасаған, шет тілдерден қабылдаған кейбір термин-атауларды ауыстыруға балама іздеуде Ісләм Жарлығапов, Мұзафар Әлімбаев, Әбдуәли Қарақұлов, Нұртас Оңдасынов сияқты біраз азаматтар ғана ат салысып келген болса, бүгінде бұл әрекет көпшілік қатысқан бұқаралық сипатқа ие болып отыр. Онда да оза шауып, оқырмандарына күн сайын ондаған «жаңа» сөздерін ұсынып жатқандар көбіне-көп журналистер қауымы. Ә Қайд.
