Жарыста, бәсекеде межеге бұрын жетті. ~ Оза шауып олжа алған, Таласты жерде жүлде алған, Жасанған, жауға қол салған, Ортадан ойып жол салған Қарт Қожақ деген ер едім. “Ер Тарғын”. ~ Зәуде бір бұрынғының адамын ауызға алсақ заманнан оза шауып, қоғамына олжа салған қайраткердің етжақын етене туысы болған соң ғана атадық. С.Ақт. ~ Жарыстың сәні оза шауып бейге алғаның болса, шайқастың сәні күтірлей сынған қабырғаңның ауырғанына қарамай соңғы демің қалғанша қылышыңды сермеп өту емес пе. О.Көш.
