Posted in

ОМАҚА АСЫРДЫ (АТЫРДЫ, АСТЫРДЫ)

Алып ұрды, аяғын аспаннан келтірді. ~ Ондайлар өзімнен ешкім аспаса екен дейді, іші тар, айлалы келеді, кезі келгенде, әріптесін шалып жіберуге, омақа асыра құлатуға дайын тұрады.  К.Қаз. ~ Кісі алатын қабаған төбетті қапқалы келген жерінде Оспан қара тұмсығынан самса тартып, жалғыз шертіп, омақа атырып, талдырып түсіргені бар.  М. Әу. ~ – Ау, жұртым, қалай екен, батырға да жан керек, төңірегінде тайраңдаған Нұртазадай жаман болысты ғанa емес, төбеңде ойнақтаған ақсақ оязыңды да омақа астырмадық па? – деп айғайлап ед.  С.Жүн. ~ Біреуі болмаса, біреуі иығынан қағып, немесе аяғынан шалып омақа астыруы мүмкін.  Б.Тоғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *