Жер сүзе құлады; аяғы аспаннан келді. * Көбі мылтығын ата алмай, әркімге бір соқтығып, ат-матымен омақа асқаны болыпты. Ғ.Мүс. * Мөңке орнынан ет қызуымен атып тұрып, үшінші шанаға ұмтыла бергенде мойнына орай тиген қамшыдан көзінің оты жарқ етіп, омбы қарға қалай омақа асқанын білмеді. С.Жүн. * Төменге лифтімен емес, баспалдақпен түстім, жолшыбай қоқыс салатын жәшіктерге сүрініп омақа аса жаздадым. Дж. Сэл. * Оның екі сөзінің бірі «Ошақбаев опық жемейді» болып келуші еді. Жоқ. Ошақбаевтар да омақа асады екен. Ә.Нұрш.
