Posted in

ОМЫРАУЫН ЖАСҚА МАЛДЫ (БОЯДЫ)

Ағыл-тегіл жылады. ~ Азап бар бұдан өткен басқа қандай, Шыдар ма омырауын жасқа малмай? Eгіліп, сахнадан кетті шығып, Екінші қайырмасын бастай алмай. Н.Айт. ~ Омырауы жасқа малынып, Көрінген құсқа жалынып, Ботасына зар күйін, Қайнаған іште бар күйін Жеткіз деп, жылап тапсырды Кемпір мен шалдың үйіне. Қаз.Ерт. (“Бозінген”). ~ Баяндап бар сұмдықты бастан-аяқ, Мұң шақты тау мен тасты тастамай-ақ. Табиғат тұрды егіліп, жоқтау айтып, Kәpi жер омырауын жасқа бояп. Н.Айт.

ОМЫРАУЫН ЖАС ЖУДЫ

Егіл-тегіл жылады. ~ Аяғын артқа қарай ақырын басып, кейін шегініп кетті де Хадишаның жатқан бөлмесінің есігін жапты. Ұзын дәлізбен түпкірдегі өз бөлмесіне жеткенше омырауын жас жуды.  С.Досж. ~ Білмеймін, әжемнің сөзінің қаншалықты жаны барын: «Шешең байғұс тап сол күні өлетінін сезді ғой… сездіі…» дейтін аһ ұра күрсініп, омырауын жас жуып.  С.Мұр. ~ Не күлерiн, не жыларын бiлмейдi. Әйтеуiр, ағыл-тегiл жас омырауын жуып, бетi-жүзiн айғыздады. Қызының осында екенiне ендi нақты көзi жеттi. Ә.Ыб. ~ Қайғыдан қажала-қажала қасаң тартқан көкірегі өксік ата иығы селк-селк етіп егілгенде көз жасы омырауын жуып кетті. Ө.Кәр. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *