Кең, жалпақ кеуделі, ірі денелі, еңгезердей. ~ Омырауы есіктей дырау жігіттің шын аты ұмытылып, шым қара өңіне орай бейтаныс ел Қаражігіт атандырған. Ү.Жәл. ~ Саптыаяқтай ерінді, Қидасын кәрі жілікті, Омырауы есіктей, Ойынды еті бесіктей, Табаны жалпақ тарланды Таңбалап мінер ме екеміз?! Ақтанберді ж. ~ Астындағы Бурылдың, Жоғарғы ерні көк тіреп, Төменгі ерні жер тіреп, Жауған күндей күркіреп, Жаңбырдай тері сіркіреп. Омырауы есіктей, Ойынды еті бесіктей. “Қобыланды б.” ~ …Құз басына біткен шынардай, мызғымас берік Бөгенбай атының басын кейін бұрып алды. Астындағы омырауы есіктей биік күрең айғыр, орағыта бұрылды да, тұяғының астындағы құмды ошақтай ойып, қайтадан шапты. I.Ес.
