- Ұзақ жүріске төзімді, омырауы кең жылқы туралы. ~Астындағы омырауы даладай жирен қасқа айғырдын екі өкпесін қысқан тепкіден ентіге дем алған ауыр күрсінісі жетті құлаққа. М.Мағ. ~ Қарсы алдынан қараса, Омырауы даладай. Әлпетіне қараса, Тамнан соққан моладай. “Ер Тарғын”.
Кең кеуделі, ірі денелі. ~ Көктемдегі добал аяқ, сабауқұйрық, шардақ қарын маубас күшік қазір үлкен тазыға айналған. Омырауы даладай боп, кеудесі іріленіп, іші тартылып, бойы кішігірім бұзауға жеткен. М.Мағ.
