Posted in

ОН ЕКІ ҚҰЛАШ

Өте ұзын д.м. ~ Түлкідей көзі жайнайды, Қаруы сыймай қайнайды, Көлденең жатқан көк тасты Сұлым ғой деп шайнайды. Он екі құлаш кезеңнен Атылып Бурыл ойнайды. Қыз Құртқаны көтеріп, Бурыл көкке екі ұшты.

А.Байт. “ҚҚҚ”. ~ Тегеуірінді қолдың дүлейлі ашуын күтіп жүргендей. Үзбелі, тоғыз сақиналы қайың найза он екі құлаш қыл арқанын шұбатып белдеуде ілулі тұр. С.См. ~ Осы мығымды сөз ету – тайлаққа емес, атанға жүк. Бұған мақала емес, үлкен зерттеу керек. Қазіргі сөз еткелі отырғанымыз да – білетіндерімнің бірлі-жарымы, он екі құлаш арқанның тұтамдайы ғана. Ахмет Жүнісұлы. ~ Құнаныңда арда емдің, Дөненіңде үйреттім. Он екі құлаш арқанды Жібектен есіп сүйреттім. “Мақпал – Сегіз”.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *