~ XVII ғасырдың орта шенінде қазақтардың қолына мылтық тие бастады. Ол – «отты қару» аталатын жеті қазынаның бірі.
Сәнді мылтықтардың дүмі, құндағы, оқпаны зерленіп оюланып, алтындалып, сүйекпен әшекейленген. Аңшылар қолданатын
«шиті» мылтықтардың сирағы болған. Олардың оқпаны дөңгелек не бірнеше қырлы болып жасалған. Соған қарай «алты
қырлы ақ берен», «он екі құрсау жез айыр», «қара мылтық» деген атаулары бар. “Білім-Аl”
