Жымысқы, теріс ниетті. * Байқап жүрмін, кейінгі кезде осы қасиетті храмға кім көрінген, ойы пәс, пиғылы арам, қаламақыны ғана көксеген көксоққандар еніп кететін болыпты. Д.Досж. ~ Бірақ бұл ойына да табан тірей алмады. Кім де болса пиғылы арам, ниеті бұзық біреу. Ө.Кәр.
Ойы, ниеті жаман. ~ Өзіңіз түсініп тұрсыз, ұят емес пе. Пиғылыңыз бұзық екен, ағай. Айтып еді-ау, бәсе. Екіншіден, Көкжалдың арқа басында ақ тікенді сай жоқ, жыңғылды сай бар, кге-кге-кге. Ж.Нәж. ~ Құдай қосқан қосағым еді ғой ол. Жалғыз ат мінген, жалғыз тазы ерткен жарлы едім, үкіметке пиғылы бұзық деп жала жапты, ашу үстінде үкімет өкілін жазым қылып, енді менің жүрісім мынау. Ә.Тар. ~ Бізді ақымақ қылған. Әйтпесе, осылай бірден тұрып кетуге бола ма? Бізді ақымақ қылып жатқан. Пиғылы бұзық, бұл бүгін қашады, Түнғатарға қашады.” Ә.Тар.
