Тиянағы, мәні, тұрлауы жоқ. ~ Міне, біздің «рипормамыздың» түрі осындай. Идея дұрыс, ісіміз бұрыс. Дайындықсыз басталған істің пәтуасы жоқ. Г.Бел. ~ Ал енді бүгін тіл киесін елеп жатпайтын болдық. Сондықтан ба, бүгінгі ел аузындағы, жұрт арасындағы сөздің пәтуасы да, дуасы да жоқтай көрінеді. Ж.Аяз. ~ Өнер деп өмір сүрдік, әдебиет деп бейнет кештік. Тұрлаусыз дүние екен, пәтуасы жоқ, түбіне жетсек те, біз оқып- тоқыған, санамызға, көкірегімізге түйген ілім- білім – баянды бақытқа, ізгілік- қайырым – шапағатқа, ізденіс пенделік қуанышқа жеткізбеді. Д.Аман.
ПӘТУАСЫ ЖОҚ