Posted in

ПЫШАҒЫН ҚАЙРАДЫ

Өштесіп, қастық жасауға дайындалды д.м. ~ Бәле деген аңдушы Аяғымнан шалып тұр. Жала деген төбеті Балтырымнан қауып тұр. Жау білегін сыбанып, Пышағын қайрап, жанып тұр. Сауысқан, қарға, қарақұс Жемтік аңдып, бағып тұр. А.Байт. ~ Шарапатовшылым шаршамай тыңдап, пышағын қайрап отырса керек: — Сен жазғаннан басқа дым да білмейді екенсің! Бізде Елбасы біреу-ақ па? Біреу-ақ! Олай болса, одан өзгені қайдан ізде дейсің? Іздегенмен, таба алмаймыз, – рас қой? Ғ.Қаб. ~ Бұқар жыраудың жүрегі тағы мұздай боп суып кетті. «Бәтшағар, Ораз құлға арнап қанды пышағын қайрап-ақ қойған екенсің ғой, тірі қалдырмассың» деді ішінен, сөйтсе де: — Бекер олай жорисың, – деді түйешіге, – Қияқ әуекелдің түбі өз үйіріне қосылуына себепкер болады. І.Ес. ~ Әшейін, Арыстанның біздің үйге пышағын қайрап жүргенін айтайын деп едім саған… – деді Айбала. Ғ. Мүс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *