Жұп-жұқа. ~ Төр үйге асығыс кірген Елтай төсек астынан портфелін дырылдатып сүйреп алып шықты. Үш күннен бері иесіз қалған портфельге пышақ жүзі шаң жұғыпты, жеңімен осып сүртіп тастайын деп оқталды… М.Қаб. ~ Қолына қайрақ, күрегін алды. Көкжиек үстіндегі пышақ жүзі сәуле секунд санап жұқарып барады.М.Қаб. ~ Бестапал күніне екі дүркін кездеспесек, бір кесе шайды бөліп ішпесек ерніміз кеберсіп тұратындай болатын. Кемшілігіміз де бір, кейіп-кеспіріміз де бір. Пышақ жүзіндей биіктігін кесіп тастағанымызда Сайын ренжімей-ақ көне салған. Қ.Ысқ.
