Біреуге пышақ сұқты, пышақты қару ретінде пайдаланды. * … Шыңғыстың туған ағасы – Мәмкеніайтпағанда, «ең жуасы»дегеннің өзі біреумен төбелесе кетуге төбелессе – пышақ жұмсауға даяр тұратын. С.Мұқ. * — Қарағым, — деді Абылайадамның алқымына пышақ жұмсаған күректей алақанымен маңдайын басып, — мен емей кім дейсің. Қ.Түм. *«Аманжан, сен… осындай ма едің?.. Пышақ жұмсағаны несі… Жо-жоқ, ауылға енді қайтып бармау керек екен. О.Бөк. * «Бұл жала, кісіге пышақ жұмсайтындай қарақшы емеспін. Ұрсам тек жұдырықпен ұрамын» деп қалай шырылдаса да кінәсіз екенін дәлелдей алған жоқ. Т.Сәу.
Зорлықпен біреудің малын сойып алды. * «Шыңғыстың баласы сондай досының малына пышақ жұмсапты»деген қауесеттарайды да, «құрыққа сырық жалғап» дегендей, өсекшілер, әсіресе дұшпандар бұл кеңесті өсіріп әкетіп, бір марқаны мыңмарқа қылудан қашпайды. С.Мұқ. * «Төрелер мені басынды, малыма пышақ жұмсай бастады, егер алғашқы адымында тыйып тастамаса, олар малдан құрық, бастан сырық айырмауға кірісті; «өгізге туған күн бұзауға да туады», дегендей төренің бүгін маған сұғынған пышағы, ертең Керей мен Уақтың өзгесіне де сұғынады. С.Мұқ.
