Posted in

ПІКІР ТҮЙДІ (ТҮЙІНДЕДІ)

Әлдебір мәселе жөнінде ой қорытты. ~ Үлкен оқиғаларды бастан кешетін, пәрменді шешімдер жасайтын азаматтыққа аяқ артыпсың. Ал бес айға созылған тағдыр талқысы саған қандай ой салды, нендей пікір түйдің, сараладың ба, жоқ па? М.Қаб. ~ Енді осы төрт шығарма бойынша пікір түйейік. Б.Нұрж. ~ М.A.Рыбникованың “мақал – түрі жағынан пайымдаудың бейнелі де мәнді бір элементі” деген пікірін Л.A.Морозова да қостап, “мәтел – адамның белгілі бір жағдайын немесе белгілі  бір құбылыстың жекелеген қасиетін сипаттайтын, сөйлеу тілінде кең қолданылатын тұрақты бейнелі сөз тіркесі” деген пікір түйеді. Ә.Қайд. ~ Жұрт арқа-жарқа күліп. бас терілері кеңіп қалады, онымен қоймай: «Әй, Абыралы ма, Абыралы өзіміз ғой, көңіліне кір жолатпайды»,- деген оң пікір түйеді. Ол өстіп мысық табандап ұпай жинайтын. М.Қаб.  ~ Мұндағы кейіпкердің мені – жазушының өзі. Егер құмырсқаның өзін жазса қазіргі оқырманның оған өресі жетпейді, оқы-майды. Құмырсқаның іні де, илеуі де жоқ, яғни, жер сатылып кеткен. Ертеңгі өмір, жер жегісі, түптің түбінде жүйкеңді жейтін болады! » – деп пікір түйіндеппін. Т.Жұрт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *