Posted in

ПІР ТҰТТЫ

Табынды, жоғары құндылыққа балады. * Біздің ата-бабаларымыз рухтың күшімен қайсар, жау жүрек болған. Намысты пір тұтып, кең даласын сақтап қалған. Т.Рыск. * Біз, жас талап әдебиет әуесқойлары, талантына табынып, пip тұтатын Қасым ақын қатты сырқат. Б.Соқ. ~ Небір ұстаздар, ардагерлер жүздеген, мыңдаған шәкірттер оқыттық, тәрбиеледік деп мақтан етті. Ал шәкірттері болса ұстаздарын пір тұтты.  Ж.Аяз. ~ Әлбетте, Әуезовты пір тұтады, қатарласы Әбішті мойындайды.  Г.Бель. ~ Тiптi олар «рэкет» деген сөздiң өзiн пiр тұтады. Өйткенi осы тәсiл арқылы бiраз нәтижеге қол жеткiзiп отыр. Ә.Ыб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *