Құрсын, залалы тиер, пәлеге қалармыз д.м. * – Қой, пәлесінен аулақ, екеуміз қазына іздейміз деп жүріп, сүйегімізді осы үңгірге қалдырармыз, қайтайықшы, – дедім Ештайға жалынышты үнмен. К.Сег. * — Әкет, ойбай! Пәлесінен аулақ! — дегенді сары кемпір Ситанға арнап айтып еді. — Сол Мәтпұсаңның өзіне апарып бер! Қ.Ысқ. − Ы-ы…- деп ыңырсыды біреуі. − Жүріңдер, құрысын кетейік, – деді Әжібек. – Пәлесінен аулақ! Күткеніміз де осы бұйрық еді, зытып далаға шықтық. С.Мұр. * − Сөйтіңдер, Қанатай, сөйтіңдер. Пәлесінен аулақ,- деді әпкем көңілі орнына түскендей. С.Мұр.
ПӘЛЕСІНЕН АУЛАҚ