Қарсы, наразы, келіспейді д.м. ~ Бірақ бұл емдердің қай-қайсысына болса да Қамар разы емес, аза бойы тік тұрып бір нәрседейін десе: — Әне, дертінің иесі ерегістірді,- деп онан жаман екіленіп кетіп, былш-былш үшкіруші еді. С.Тор. ~ Балуанның қолында біраз күн барымтада жүрген Татьянаны балдызы біліп алды ма, білмей алды ма – ол арасы Тройцкийге көмескі.Ал, өзі алуына разы емес. С.Мұқ. ~ Жоқ, қыз бен жігіттің қандай қарым–қатынасы болса да бұл кездегі мынадай көрініске Сағат разы емес. Ішінен осы тұрадағы ойдың басын бір шалып келгенде, ол қызының қылығына наразы болмай тұра алмады. Ғ.Сл.
