Posted in

РАЗЫ ЕМЕС

Қарсы, наразы, келіспейді д.м. ~ Бірақ бұл емдердің қай-қайсысына болса да Қамар разы емес, аза бойы тік тұрып бір нәрседейін десе: — Әне, дертінің иесі ерегістірді,- деп онан жаман екіленіп кетіп, былш-былш үшкіруші еді. С.Тор. ~ Балуанның қолында біраз күн барымтада жүрген Татьянаны балдызы біліп алды ма, білмей алды ма – ол арасы Тройцкийге көмескі.Ал, өзі алуына разы емес. С.Мұқ. ~  Жоқ, қыз бен жігіттің қандай қарым–қатынасы болса да бұл кездегі мынадай көрініске Сағат разы емес. Ішінен осы тұрадағы ойдың басын бір шалып келгенде, ол қызының қылығына наразы болмай тұра алмады. Ғ.Сл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *