Қатыгез, аяушылығы жоқ. ~ Әр уақыт рақымы жоқ қатты Құдай. Іздедім қалқажанды нәпсі тыймай. Мақбубаға уасылайла, я кәрім деп, Зарландым жалғыз жүріп, уа, дариға-ай! Ақан сері. ~ Ғашықтық күннен күнге ер жетеді, Қасіретім жанды шайқап еңіретеді. Кей уақыт рақымы жоқ қатты құдай Мені де сол себепті тебірентеді. Махаббат сонша қымбат – білсе бойың Иманды ақыретте берер құдай Дүниеде жалғыз өзің, ақыл-ойым, – деп дінге емес, ғашығына табынады Ақан. Қ.Бекх.
