Аяушылық, қайырым дәметті. ~ Манадан бері міз бақпай отырған Жөнейіт тап осы арада бір мырс етті. Ол күйші өзіне рахым тілеп отыр деп түсінді. Ә.Кек. ~ Молда қанаты қайырылған құстай қалбалақтап, ханнан рақым тілегендей қос қолын жайып түрегеле бергенде, түсі суық апайтөс қос жасауыл оны қолтығынан қаңбақтай көтеріп әкетті. П.Дүйс. ~ Сол жайдың арқасына аяздай бататындығын айта келіп, шапағат-мейірім мол ханнан рақым тіледі. П.Дүйс.
