Posted in

САБАҚТЫ ИНЕ (ЖІП) АЛМАДЫ

Ештеңе алған жоқ, құр қол кетті. ~ Күндіз-түні жүрсе де, біреуден “расходым” деп, “шығыным” деп сабақты ине алған адам емес, не көрсе де өзі көреді… Б.Майл. ~ – Сері, көзіңнің тірісіндегідей бәрін тікесінен өзіңе қалдырдым. Үйіңе келіп жүрерсің.

Өзің барыңдағыңнан бұзбаған едім, бұзбай кеттім,- деп он екі жасар қызын жетектеп, жылап шығып кетіпті. Үйінен сабақты жіп алмапты, «бәрі серінің өзі барындағыдай тұрсын» депті десер еді, ауылдағылар. Б.Қыд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *