Posted in

САБАҚТЫ ИНЕ СӘТІМЕН

Орайы келіп тұрған немесе сәтті орындалған іс туралы. ~ Әр бір іс ойдағыдай орындалғанда қазақ: «сабақты ине сәтімен» дейді. С.Мұқ. ~ Сол күн де жақындап қалған. Сабақты ине сәтімен келе жатқан… Ш.Айт. ~ Бір қисайған жағыңнан өлсең де тұрмайсың.  Жарайды, «сабақты ине сәтімен» деген, дәрігеріңе көрсет Сәтмағамбетті. С.Ом. ~ Әлбаба көп ойланған жоқ, бойы да, ойы да жетіліп, піскен жемістей сабағынан үзілгелі тұрған қызды күйеуге бермеу обал, әрине, дегенмен асығатын не бар, «сабақты ине сәтімен», қызымызды жайлаудан қайтарда ұзатамыз деп тоқетерін айтты. Н.Қам.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *