Ойын-той жасап, көңіл көтерді. ~ Сайран салып, сауық құрып, жер қайысқан мал бағып,ақар-шақар думан болып жататын ел жоғалып, шынымен, сол елдің арты көлеңкедей елбеңдеген, сағымдай бұлдыраған сүлдер болғаны ма? Ж.Айм. ~ Бір жұма бойы ашық аспан астында, жасыл көгал, ақ мәрмәр тастардың үстінде ойын-сауық құрып, … ойнақшыған арғымақтарын бәске тігіп өткізген күндеріне не жетсін! С.Жүн. ~ Иә, иә, Боранқұлдың басынан сауық құрар, сайрансалар есіл шақтардың барлығы ауа көшіп еңістеп кеткені шын ғой. Ғ.Біл. ~ Қиялым, көлбеп қияда, Сауық пен сайран құрады. М.Жұм.
үнге дейін көз алдымда сайрап тұр… Ә.Нұрш. ~ Бала бөгелді. Көкейі сайрап тұр, әттең, айтуға тілі
жетпейді. Жайшылықта ауыз жаппас, той дегенде өлең таппастың кері… М.Қаб. * Өткен жылғы кімнің үйінің қай жерге
тігілгені, жер ошақтың бітеліп қалған шұқыры, балалар асық ойнайтын ауыл сыртындағы тақыр, түнде ақсүйек алып
қашатын қыраттың баурайы — бәрі сайрап тұр. Бәрі көзіңе оттай басылады. Т.Ахт. ~ Бұрыштағы жалпақ бет телевизор
экранында Алаңның төрт бұрышы түгел алақанға салғандай сайрап тұр. КГБ камералары түсiрген бейне-көрiнiстер тiкелей берiлiп жатыр. Т.Сәу.
САЙТАН ИЕКТЕДІ
Еркінен тыс күштің ықпалына түсіп, айдауына көнді. ~ Сағым шалған көкжиекке көп қарама, көп қарасаң сайтан иектеп
кетуі мүмкін деуші еді. Сондықтан да түздегі жолаушы күн қызғанша бір көлеңкесі мол сай-сала, саяға жетіп алып, бесін
ауғанша сонда тыныға тұратын-ды. Ә.Кек. * Агрессор Сайтанның сілтеуімен қолына қанжар алды. Періште баланы өлтіргісі
келді. Періште бала болса Сайтан иектеген сүмелектің қолынан қаза тапқысы келмеді. С.Елу. * Арықтығы болмаса, түйедей-
ақ сиыр, не сайтан иектеп жүргенін кім білсін, сүті жаңағы. О.Әуб. ~ Сондықтан да жарық дүниеге періште болып туған сәбиін келе-келе сайтан иектеп кеткенін ешкім де қаламайды. Е.Әл.
САЙТАН КҮЛКІ
Дес бермейтін орынсыз, тоқтаусыз күлкі. ~ Тоқтауы жоқ сайтан күлкі буынымды алып, ішімді қолдап басқан күйі май
топыраққа шөкелеп отыра кеттім. М.Қаб. ~ Қалай боладысы несі? Әрине, жақсы болады; бұл тек соны айтайын десе жаңағы бүйірін бүлкілдеткен сайқал күлкіге булығып тұр; ана жақта үнсіз тосып тұрған кісіні ұзақ ұстап қалғанын байқамапты… Ә.Нұрп.
САЙТАН ТҮРТТІ
Әлдебір жөнсіздікке аяқ басты, теріс ойға бойын алдырды, жолдан тайды. * «Жас бала емес пе, ыңғайын тауып, мұртын
майлап жіберсем қайтеді», – деп те мұны сайтан түртті. Бірақ бұл ниетінен лезде айнып салды: есіл сөз мірге өтпей
жатқанда, бүгінгі жас былайғы ымды қайдан ұқсын деп ойлады. Ә.Асқ. * Киіз үйде мылтығын майлап, оғын сайлап отырған
атаңның сенімді серігі түстікке бет түзеген тырналар керуені шаңырақтың тұсына келгенде, не сайтан түртті екен, алдыңғысын көздеп масаны басып қалады. Ы.Дәб.
САЙТАНДАЙ (ШАЙТАНДАЙ) САП ЕТТІ
Оқыстан пайда болды, күтпеген жерден сау етіп келіп қалды. ~ Соңынан іздеп шыққан бір балам «жоқ» деп келді. Бір күдік
сайтандай сап етті. Жүгіріп іргелес тұрған кілет үйге жетіп барсам… – деп Хамила жылап жіберді. Ғ.Біл. ~ Кезеуілші жау іздеген жасақтар кездесуі мүмкін. Әуелі жаратқан құдай, сосын әулиеге, пір Бекетке сыйынып, тарта бер. Сайтандай сап
етіп, айшылық жерден торғауыт құба қалмақ жортуылдайтыны болады. А.Кем. ~ Тек қорқыныш қалған көңілде! «Ойбай, бұл жатысым не жатыс? Қазір тағы да шайтандай сап ете түссе қайтем?» Т.Сәу.
САЙТАННЫҢ САПАЛАҒЫ
Сайтан неме, сұмырай, жексұрын д.м. ~ Солардың оң жағынан шыға білмесең егеу түгіл сайтанның сапалағы да жоқ. Хош, егеу қолға тиді. М.Қаб. ~ Мен сендей сайтанның сапалағын бiр-ақ ұйпап жоқ қыла саламын! Көзiңдi ашып қара, бастықтың баласы болсаң – өзiңе! Тiрi тұрып ешкiмге намысымды таптатпаймын! Ә.Ыб. ~ Бір ғажабы – ешкім бұған күлген де жоқ, күңкілдескен де жоқ. Едіге осыған риза болды. Әйтпесе, біреуі тұрып: Әй, шал, миды қатырма, сайтанның сапалағы, сен қайдан шыққан молдасың? Ш.Айт.
САЙТАНЫ ДА ЖОҚ
~ Ауру тұрмақ сайтаны да жоқ, түнімен карта ойнап едік, қалтамызды түк қоймай қағып алды,-деді. Қ.Ысқ.
САЙТАНЫ ҰСТАДЫ
Әлденеге жыны келіп, ашу шақырды. ~ Тағы сайтаның ұстап отыр ғой. Өлмейсің, жасымыз, қайратымыз сенсің. Өз малың, сергек отыр. Ұйықтама, — деп кете береді. М.Әу. ~ Әкем үнсіз, жауап берер жағдайда емес, сайтаны ұстап, іштей буырқанып– ақ келеді. Ә.Асқ. ~ Жербайдың сайтаны ұстап кетті. «Слушай, сонда не. Сонда мен сенен әдебиетті кем білем бе?!» деген үрген беті талаурап. Н.Дәу.
САЙТАНЫ ҰСТАДЫ
Жыны келді: арқасы қозды; ашу шақырды. ~ Әкем үнсіз, жауап берер жағдайда емес, сайтаны ұстап, іштей буырқанып – ақ
келеді. Ә.Асқ. ~ Жербайдың сайтаны ұстап кетті. «Слушай, сонда не. Сонда мен сенен әдебиетті кем білем бе?!» деген үрген беті талаурап. Н.Дәу.
САЙТАНЫН ҚАҚТЫ (ҚАҒЫП АЛДЫ)
Жынын басты, екпінін тыйды, сазайын берді. ~ Жылқы екеш жылқы да жалғыздықтан жынданады екен.
Мырзекең жирен
қасқаның сайтанын қаға алмай- ақ қойды. Қ.Ысқ. ~ Өзіміздің аулымызда болса, бастықтың шешесі түгілі онан зор болса да
сайтанын қағып алар ек, әттең, амал қанша. Есем кеткендей боп отырдым-ау…— Қатша сөзін соншалық бір тістеніп сөйлеген. С.Мұр. ~ Егерде айтып кетсем айтарымды, Ақылым арнасына қайта кірді. Қынынан қылышымды алам онда,
Қағамын албастынды, сайтанынды! М.Мақ.
САЙЫН ДАЛА
Ұшы-қиыры жоқ иен дала. ~ Сарыарқа сайын дала – жер кiндiгi, Баянды Байтағымен елдiң күнi. Қазағым, көш көлiктi болсын
ендi, Көтерген жолда қалмас Нардың жүгi!.. Н.Айт. ~ Тынысы кең сайын дала мен ауасынан саумал аңқыған қайран жайлау
көзден бұл-бұл ұшып, табиғатына туыс кәсібі малшылықтан да қол үзіп, жарға қамалғандай күй кешіп жүргенде мына жағдай
еңсесін езіп-ақ жіберді. З.Төл. ~ Батыры бiр оқтық, малы бiр жұттық болып, жиi-жиi ел iргесi сөгiле берген соң халық үнемi
жаңа қоныс iздеп, сайын даланың сахара шөлiне қарай ығысып, бiрте-бiрте салт-дәстүрiнен де, ұлттық болмысынан да ажырап, азып-тоза бастапты. Ә.Сал.
САЙЫП КЕЛГЕНДЕ
Тоқетерін айтқанда; жеме-жемге келгенде. ~ Сайып келгенде, қазақта қалып түрған өзгеше мінездер: тілі айтқанды қолы қылмайтын түрақсыздық, үйымсыздық, басынан аспайтын өзімшілдік, ездік. Ж.Айм. ~ Бұлар ғана емес, сайып келгенде, «Абайдағы» күллі кейіпкердің күллі сезімі мен сыры, ақылы мен ойы, парасаты мен философиясы – бәрі Мұхтардікі. З.Қаб. ~ Сайып келгенде Ноғайқұлдан кейінгі мықты өзі боп шыға келеді. Екеуі осы сапарында қаладан көңілді қайтты. Екеуінің де қоржыны тоқ. Жолай келе жатып Арыс бойындағы баяғы Шұбарға соқты. Т.Әл.
САҚ КЕТТІ
Еңбегі еш болды. ~ Отырғызған ағаштары суғарылып күтілмегендіктен қурап, жерін арам шөп, қурай басып, қалып қойды.
Шалдың азын-аулақ сіңірген еңбегі сақ кетті. Б.Соқ.
САҚ ҚҰЛАҚ
Өте сергек, бәpiн бiлiп, сезiп отыpатын адам. * Неге десеңіз, «Бозінген» от басының әйелі емес, бір болыс елдегі әңгімені үйде отырып біліп отыратын, еркектердің партиясына да, дау-шарына да кірісіп кететін, сақ құлақ, еті тірі көшелі кісі ғой. Ж.Айм. ~ Сақ құлақ Шыңғыс, Шоқанның төсекке қисайған сыбдырын естіді. С.Мұқ. ~ Бір күні «әлгі мұғалім Әдишаға сөз айтыпты, бетім-ау», деп Тұрған жеңгей аузын сылп дегізді. Қайдан ғана естіп қояды десеңізші сақ құлақтар-ай. Б.Қыд. ~ Мен де меңіреу емес едім,— деді сөзін қыздың сөзіне жалғап,— бірақ ондай даңқтыны біз қалай білмедік,— деді де Иманға қарады.— Сақ құлақ едің ғой, сенің хабарың жоқ па? Ә.Әб.
