Posted in

САЙРАН ҚҰРДЫ (ҚЫЛДЫ, САЛДЫ)

Ойын-сауықпен уақыт өткізді, ойнап-күлді. ~ Қонақасыдан кейін қонақтар ұйқыға батты. Жұрттың көзі ұйқыға кетіп қалың ұйқыға жетіп, ел аяғы басылған соң құйыршық орнынан тұрыпты. Еркінше сайран құрыпты.  Б.Қыд. ~ Бірақ жас та болсам, қыз баланың қызық дәурені қызғалдақтай ерте солатынын да білемін. Сондықтан ақ батаңызды алып, құтты жеріме қонғанша, еркіндікте өзімше бір сайран құрсам деп едім. А.Сей. ~ Ал дүние өтеріңді біліп едім Білдірмей серілікпен жүріп едім. Бұл күнде арық қойдан бағам кейін, Үш жүздің сайран қылған Біржан едім. Біржан Сал. ~ Менен бес-алты жастай кіші, жасөспірім байдың ерке баласы. Қыста Семейде оқу оқиды, жазда қырда сайран салады. С.Бег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *