Posted in

САЙРАП ТҰР

Ап-анық байқалып тұр, бетке ұрып тұр. *  Ай жарық. Қар күмістей жылт-жылт етеді. Жұлдыздар сайрап тұр. Ж.Айм. *  Мына адамдардың ұсқынсыз бейнесінде сондай ауыр тұрмыстың ізі сайрап тұр. С.Жүн. *  Одан бері жиырма жылдай уақыт өтті.

Бірақ бәрі-бәрі әлі күнге дейін көз алдымда сайрап тұр… Ә.Нұрш. ~ Бала бөгелді. Көкейі сайрап тұр, әттең, айтуға тілі

жетпейді. Жайшылықта ауыз жаппас, той дегенде өлең таппастың кері… М.Қаб. *  Өткен жылғы кімнің үйінің қай жерге

тігілгені, жер ошақтың бітеліп қалған шұқыры, балалар асық ойнайтын ауыл сыртындағы тақыр, түнде ақсүйек алып

қашатын қыраттың баурайы — бәрі сайрап тұр. Бәрі көзіңе оттай басылады. Т.Ахт. ~  Бұрыштағы жалпақ бет телевизор

экранында Алаңның төрт бұрышы түгел алақанға салғандай сайрап тұр. КГБ камералары түсiрген бейне-көрiнiстер тiкелей берiлiп жатыр. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *