Posted in

САЙТАН ИЕКТЕДІ

Еркінен тыс күштің ықпалына түсіп, айдауына көнді. ~ Сағым шалған көкжиекке көп қарама, көп қарасаң сайтан иектеп кетуі мүмкін деуші еді. Сондықтан да түздегі жолаушы күн қызғанша бір көлеңкесі мол сай-сала, саяға жетіп алып, бесін ауғанша сонда тыныға тұратын-ды. Ә.Кек. * Агрессор Сайтанның сілтеуімен қолына қанжар алды. Періште баланы өлтіргісі келді. Періште бала болса Сайтан иектеген сүмелектің қолынан қаза тапқысы келмеді. С.Елу. * Арықтығы болмаса, түйедей- ақ сиыр, не сайтан иектеп жүргенін кім білсін, сүті жаңағы. О.Әуб. ~ Сондықтан да жарық дүниеге періште болып туған сәбиін келе-келе сайтан иектеп кеткенін ешкім де қаламайды. Е.Әл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *