Жанын ауыртты, күңірентті. ~ Ағып тұрған сөз екен: неше түрлі жалынды, жігерлі, үмітті сөздерді соғып еді кеп, адамның
сай-сүйегін сырқыратты. Ж.Айм. ~ Қаныш бәйбіше жыландай ысқырып, «тұқымы жарымаған, қалғырлар!» деп сөккенде,
адамның сай-сүйегін сырқырататын болды. Б.Майл. ~ Уілдеген желдің үнімен құмнан көтерілген қобыздікіндей
күңіреніске зарлана жылаған мұңлы әуез қосылып, даланың сай-сүйегін сырқыратады. Ж.Шәк. ~ Қара түнек, қаралы дауыс
кәрі-жастың сай-сүйегін сырқыратты. Ә.Шәр. ~ Күй күңіренеді… Ботасын іздеген аруана қазығында шыр айналып, сай– сүйегіңді сырқыратып, тау жаңғыртып боздайды. С.См.
