Тұла бойы тітіреді; жаны қиналды, күңіренді. ~ Бұ күнде қолдан күш кетіп, азамат басына күн туып, қазақтың басы қаңғырып, не болары белгісіз екенін сарнап, сары даланы басына көтеріп, күңіренді. Тыңдаушылардың сай-сүйегі сырқырап, көзіне жас алды. Ж.Айм. ~ Бұның үй ішімен ботадай боздап, бейіт басында да қатты күңіреніп жылағанын көргенде, тірі жанның бәрінің сай-сүйегі сырқыраған. Құрмаштың әкесі Қасенге: — Сол жалғызымызды өлтірген қасқырды қолыма әкеліп беріп, көзін ойғызбасаң, сен маған туысқан емессің, -деген. М.Әу. ~ Сай-сүйегім сырқырап уатылған Мылқаулардың қолында сығымдалып. Р.Нияз. ~ Осыны естігенде баланың сай-сүйегі сырқырап кетеді. Н.Дәу.
САЙ-СҮЙЕГІН СЫРҚЫРАТТЫ
Жанын ауыртты, күңірентті. ~ Ағып тұрған сөз екен: неше түрлі жалынды, жігерлі, үмітті сөздерді соғып еді кеп, адамның сай-сүйегін сырқыратты. Ж.Айм. ~ Қаныш бәйбіше жыландай ысқырып, «тұқымы жарымаған, қалғырлар!» деп сөккенде, адамның сай-сүйегін сырқырататын болды. Б.Майл. ~ Уілдеген желдің үнімен құмнан көтерілген қобыздікіндей күңіреніске зарлана жылаған мұңлы әуез қосылып, даланың сай-сүйегін сырқыратады. Ж.Шәк. ~ Қара түнек, қаралы дауыс кәрі-жастың сай-сүйегін сырқыратты. Ә.Шәр. ~ Күй күңіренеді… Ботасын іздеген аруана қазығында шыр айналып, сай– сүйегіңді сырқыратып, тау жаңғыртып боздайды. С.См.
