Ет-жеңді, бөксесі жуан д.м. ~ Айлақтағы қайықтай жатыр мызғып, тынығып, Сал бөксесі самарқау толқынменен жуылып, Қомағай, ашкөз немістей телміреді бұғынып. М.Мақ. ~ Еспер түрлі ойға кетеді. Бөксесі үлкендеу, шынымен сал бөксе бай баласы болар. Атынан айырылып қалған ғой деп түйеді Еспер. Б.Қыд. ~ Бұқпанның сал бөксе жиенін қалдырып, Атымтайды айырбас қылып, приемға қаратып айдап жіберген дәл осы отырған Бейсембай қаясы болатын. М.Дәу. ~ Дүйсенбіде Шолпанның кабинетіне барып жұмыстан кететінімді айтып, құжатымды сұрадым. – Немене, Золушка басқа сарай тауып алдың ба? – деп тиісті сал бөксе. С.Досж. ~
Сылбыр, шаршаңқы, жайбасар адам туралы. ~ Иен таудың арасында нейбетке жүрсе де нысанағашаншылғанын қарашы! ~ Сары сақал, сал бөксе болған шағында енді қайда барып табан тірейді, қай келіннің қолына қарап кіріптар болмақ? Қу сүйегі саудырап қай қиырда қалар екен! Ә.Асқ.

