Сол күні түс қайта, Арынғазының қасына он кісі серігі бар, атқа қонды.
Балымның астында қара жорға, төрт аяғы бірдей шалыс, жануар дөңгеленіп келеді. Жас ханымның соңында он шақты қыз-келіншек. Бәрі де сары желістен артыққа баспайды. Балымның ызасын қайнатты. З.Шүк. ~ Көз жетер жерде қарайған қара жоқ, сар далада сағым көшеді. Сары шалдың астындағы ақ тұлпар сар желістен танған жоқ. Сарбасаттың сыртындағы ауылдан таң сәріден шығып еді, күн сәскеге көтерілді. З.Шүк.

